Қостанай ауылшаруашылық колледжінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Есірткі заттарын сақтау, сату және тұтыну үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және есірткі заттарын сақтау, өткізу және тұтыну үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған профилактикалық кездесу өтті, кездесуге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ерденова Асем Ғайбаровна, пробация қызметінің инспекторы, әділет капитаны Кабакова Раушан Молдағалимовна және учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрбаева Көркем Ермековна қатысты, кездесу барысында студенттерге есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың салдары, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, кәмелетке толмағандарды жауапкершілікке тарту тәртібі, сондай-ақ есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны түсіндіріліп, заңсыз айналымға тарту жағдайында әрекет ету жолдары бойынша ұсынымдар берілді.
Есірткі заттарын сақтау, сату және тұтыну үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік

РУС



