Бүгін Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің педагогтары Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын мұқият тыңдады .
Жолдауда білім беруді, аграрлық секторды дамытудың, цифрландыру мен әлеуметтік қолдаудың маңызды мәселелері қозғалды. Біз үшін аграрлық колледждің өкілдері ретінде Ауыл шаруашылығын жаңғырту және ауыл үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі бастамалар ерекше маңызға ие болды.
Колледж ұжымы даму курсын қолдайды және қойылған міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуға дайын. Біз сенімдіміз: Білім-елдің тұрақты болашағының кілті!

РУС




