09.09.2024 ж.бастап 13.09.2024 ж. дейін бірінші курс студенттерінің колледждегі білім беру процесіне бейімделу деңгейін анықтау мақсатында “2024-2025 оқу жылы Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің бірінші курс студентінің бейімделуі”сауалнамасы өткізілді. Бірінші курс студентінің бейімделу деңгейі Оқу процесінде жайлы болудың, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен үйлесімді қарым-қатынас орнатудың кепілі болып табылады.
Бейімделмеген студенттер мен бейімделу деңгейі төмен студенттерді уақтылы анықтау оларға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.