WorldSkills -чемпионаты колледж студенттерінің кәсіби даярлық жағдайын жақсартып, үздіктерді анықтайды. 14-15 мамыр аралығында «Қостанай ауылшаруашылық колледжі» мемлекеттік кәсіпорнында жыл сайынғы  WorldSkills Kostanay-2024 облыстық ветеринариялық құзыреттілік чемпионаты өтті. 2023 жылғы rолледждегі алаң ресми түрде ашылды.

«Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-нан бес қатысушы, «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК-нан екі қатысушы , «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК-нан бір қатысушы қатысты. Студенттер түрлі тапсырмаларды орындады. “Ветеринарияда аппараттық диагностика” бірінші модулі «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде» өтті. «Өндiрiстiк жағдайларды шешу» екiншi модулiнiң сынақтары «Басбек» оқу шаруашылығында болды. Нәтижелер CIS базасына енгізілді.