“Дені сау болу сәнді” деген ұранмен СӨС мамандарымен кездесу өтті. Кездесуде жастар арасында нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды. Қазақстанның қазіргі жастарының өмір салты, елдегі нашақорлық деңгейі талқыланды, статистикалық көрсеткіштер келтірілді. Сондай-ақ, нашақорлық пен жасөспірімдер қылмысы, кәмелетке толмағандардың есірткіге тәуелділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы айтылды.
Қорытындылай келе, сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақытын пайдалы істермен айналысуға шақырды. Ал чемпион спортшылар жастарды спортпен шұғылдануға шақырды. Студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.