Бүгінгі таңда Қостанай ауданының аумағында алаяқтық фактісі бойынша 74 қылмыстық іс тіркелген, оның 46-сы интернет арқылы жасалған.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін аудан прокуратурасының қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық, оның ішінде жастармен әңгімелесулер өткізеді. Мәселен, 10 қазанда Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде студенттер мен педагогтармен кездесу өтті. Іс-шара барысында тыңдаушыларға интернетке байланысты алаяқтық, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы туыстары мен жақындарының алдын алу және ескерту түрлері мен тәсілдері туралы ақпарат жеткізілді.

Қостанай аудандық прокуратурасының прокуроры Ерғали Мәулетов қазіргі заманғы интернет-алаяқтардың пәрменді қылмыстық схемаларды қолданатынын, сондай-ақ желіде алдаудың жаңа сценарийлері мен әдістерін сынақтан өткізетінін айтты. Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін прокуратура Қостанай ауданының полиция бөлімімен бірлесіп тұрақты, кешенді жұмыс жүргізеді, оның барысында азаматтарға дербес деректерді үшінші тұлғаларға жария ету қаупі түсіндіріледі.

Түсіндіру жұмысының соңында студенттер барлық сұрақтарға жауап алды. Кең ауқымды профилактикалық жұмыстар жалғасуда.