Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі»  КМҚК бос лауазымдарға орналасуға ашық конкурс жариялайды:

– тарих пәнінің оқытушысы (мемлекеттік және орыс тілдерін білетін 1,5 ставка);

– экономика пәнінің оқытушысы (1 ставка, мемлекеттік және орыс тілдерін білумен);

– информатика пәнінің оқытушысы (мемлекеттік және орыс тілдерін білетін 1,5 ставка);

– дәнекерлеу ісінің оқытушысы (1 ставка, мемлекеттік тілді білумен).

 

Ұйымның мекен-жайы: Тобыл қаласы, Терешкова көшесі 15/4

Пошта индексі: 111100

Телефон нөмірі: 8-714-55-2-15-66

Электрондық мекен-жайы: kchk@edu.kz

 

Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК.

Еңбекақы мөлшері: білім деңгейіне, жұмыс өтіліне, біліктілік санатына байланысты: 155 000 теңгеден 187 000 теңгеге дейін.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.08.2023. – 17.08.2023 ж.

Құжаттар жұмыс уақытында 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс 13: 00-14: 00)

 

118-тармақ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

11) кандидат үшін ең төменгі рұқсатымен – 720 x 480, ұзақтығы кемінде 15 минут, өтілі жоқ бейнепрезентация.