Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК бос лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды
– директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Ұйымның мекен-жайы: Тобыл қаласы, Терешкова көшесі 15/4
Пошта индексі: 111100
Телефон нөмірі: 8-714-55-2-15-66
Электрондық мекен-жайы: kchk@edu.kz
Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК.
Еңбекақы мөлшері: білім деңгейіне, жұмыс өтіліне, біліктілік санатына байланысты: 198 000 теңгеден 233 000 теңгеге дейін.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 09.08.2023. – 17.08.2023 ж.
Құжаттар жұмыс уақытында 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс 13: 00-14: 00)
118-тармақ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.