“Үндестік” жобасы, “отбасы ошағы” клубы аясында 2023 жылғы 13 ақпанда “отбасы мен колледждің өзара іс – қимылы-болашақ мамандарды тәрбиелеудің маңызды шарты”тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.  Колледж директоры Марат Серікұлы Баймағамбетов ата-аналарына құттықтау сөз сөйлеп, стипендия төлеу, тегін ыстық тамақ беру мәселелерін қозғады. Жиналыс диалог түрінде өтті, онда ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Әрбір ата-ана колледж педагогтарынан, әкімшіліктен 87145521566 телефон нөмірі бойынша кеңес ала алады, мекен-жайы: Тобыл қ., Терешкова к-сі, 15/4.