2023 жылғы 30 қаңтарда «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі»КМҚК базасында «Білім беруді басқарудың базалық функциясы ретінде бақылау» тақырыбында оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директорлар орынбасарларына арналған семинар-зертхана өтті.
Семинардың негізгі мақсаты-бақылау функцияларын өзектендіру, білім беру процесін колледжішілік бақылаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде оқу – өндірістік жұмысты диагностикалау бағыттарын анықтау.
Қатысушылар алдында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің басшысы М. М. Бокаева, колледж директоры М.С. Баймағамбетов құттықтау сөз сөйледі.
Семинар тақырыбы өзекті және әрдайым көптеген сұрақтар туғызады, сондықтан жұмыс ТжКБ әдістемелік кабинеті басшысының орынбасары Г.М. Өтегенова жүргізген «тақырыпқа сүңгуден» басталғаны кездейсоқ емес.
Зертхана жұмысы екі алаңда өтті: «Фронтальды бақылауды жүргізудің технологиясы мен тиімділігі» және «Білім беру процесінің сапасын жедел бақылау және талдау». Алаңдардың модераторлары: «Жітіқара политехникалық колледжі» КМҚК Тайжанова А.К., директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары және Аксенова И.И., директорының ОЖЖ жөніндегі орынбасары бақылау мәселелеріне жүйелі көзқарастың теориялық бөлігін ашып қана қоймай, осы жұмысты тиімді жүзеге асыру үшін құжаттардың үлгілерін ұсынды.
Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша білімдерін екі ашық сабақта қолдана алды: оқытушы Ж. Б. Қуандықов және ө/о шебері Л. Г. Питканина.
Семинар барысында барлық қатысушылар көптеген қызықты формалар мен әдістерді еске түсіріп қана қоймай, іс жүзінде қолдана алды. Ал соңында ОӘБ басшысы Т.И. Дозорцева «Баланс дөңгелегі» семинарының қорытындысы бойынша рефлексия өткізді, онда басты мәселелер анықталып, келесі семинарлардың тақырыптары белгіленді. Ал қатысушылардың онлайн-сауалнамасы семинардың ұйымдастырылуы мен мазмұнының жоғары деңгейін көрсетті.
Директорлар орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі 2023 жылдың қаңтарында ұйымдастырылды. Біз көптеген мәселелерді бірлесіп шешеміз деп үміттенеміз, өйткені бізді бір мақсат біріктіреді – барлық өңірлер үшін мамандарды сапалы даярлау.