Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, қараусыздығына және панасыздығына қарсы қылмыстың алдын алу бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Қасқабаев Қайрат Әбілғазыұлы, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар суда жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы – судья Шармұхаметова Қарлығаш Сәлімжанқызы, Қостанай ауданы прокуратурасының прокуроры Ақмейіртемірқызы, Қостанай ауданы ББ жедел бөлімі бастығының орынбасары қатысты.
Дөңгелек үстелді ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Марат Серікұлы Баймағамбетов құттықтап ашты.
Дөңгелек үстел отырысы барысында шақырылғандар жасөспірімдермен әңгімелесу барысында күнделікті жұмысында көрген мысалдар арқылы қылмыстың алдын алудың кейбір жолдары туралы айтып берді. Балалар дөңгелек үстелден үлкен әсер алып, өз ойларымен бөлісті және балалардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.