Жұмыс берушілермен кадрларды даярлау сапасын арттыру, әлеуметтік әріптестерді тарту, болашақ мамандарды дуалды оқыту және нысаналы даярлау жөніндегі кәсіпорын желісін кеңейту бойынша одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында 2022 жылғы 15 қарашада Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде “жұмыс берушілер күні”іс-шарасы өтті.

“Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау туралы келіссөздері” тақырыбында іскерлік кездесулер, пікірталастар, практикалық сабақтарға таныстыру экскурсиялары аясында түлектер жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеудің жаңа дағдыларына ие болды. Әлеуметтік серіктестер “Достоярова” ЖК басшысы Қарлығаш Ескермесовна Достоярова, “Қостанай ауданының Ветеринарлық станциясы” КМК басшысы Айдар Балтабайұлы Бейсенов, білім басқармасының алғыс хатымен – “Тамырмк” ЖШС басшысы Михаил Владимирович Рекун марапатталды. Жұмыс беруші күні аясында Елкин Константин Владиславович тұлғасында “Парасат” Агрофирмасы ” ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастық туралы меморандум жасалды