Бүгін республикалық партия штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “AMANAT” партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Е.В. Смышляева Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің педагогикалық ұжымының жұмыскерлерімен конституциялық реформаны түсіндіру бойынша кездесті.

Екатерина Васильевна референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін және жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру бағытын нығайтатынын атап өтті. Кездесу барысында депутат Конституцияға алдағы өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып, ең негізгі түзетулерге түсініктеме берді. Естеріңізге сала кетейік, Негізгі Заңның 33 – бабы өзгеріске ұшырайды, ал бұл Конституцияның үштен бірі.