Құқықтық тәрбие беру мақсатында, 2022 жылғы 16 Сәуірде “Үндестік” жобасы шеңберінде Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінде қамқоршылармен “қамқоршылықтағы балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды құқықтық қорғау”тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты қамқорлықтағы балалардың жеке дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, оларға кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ балаларды өмір сүру кеңістігінде қорғау болып табылады
Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жабакова Әлия Ахметжанқызы “қамқорлықтағы отбасылармен жұмыс істеу тетігі”тақырыбында құттықтау сөз сөйледі. Ол сондай-ақ заңды өкіл мен қамқоршының құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірді.
Сондай-ақ, әлеуметтік педагог қамқоршылықтағы және қамқоршылықсыз студенттерді материалдық қамтамасыз етуді қамқоршыларға айтты.
Дөңгелек үстел жұмысына Қостанай ауданының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының әдіскері-Динара Дәулетқызы Ержанова қатысты.
Динара Дәулетқызы өз қамқорлығындағы баланы тұрғын үй кезегіне қалай дұрыс қою керектігін, қандай құжаттар қажет екенін, мемлекеттен қандай жеңілдіктер бар екенін және т. б. айтып берді.
Қамқоршылар “сұрақ-жауап”диалог алаңына белсенді қатысты.

РУС