Ағымдағы жылдың 13-15 сәуірінде Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылық колледжінде ветеринария құзыреттілігі бойынша “AGROSKILLS AQMOLA-2022” өңірлік байқауы өтті. Екі күндік жарыс қорытындысы бойынша “Қостанай ауылшаруашылық колледжі” МКҚК студенті Герцель Елена тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, жоғары кәсіби шеберлігі үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Батаа студенті Бергенбек қатысушы сертификатымен марапатталды. Колледж командасы жалпы командалық есепте екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.