Үстіміздегі жылдың 22 ақпанында Қостанай ауылшаруашылық колледжі ауылшаруашылық мамандықтары бөлімінің меңгерушісі Б. Балабаев пен оқытушы Ж. Әбдіқалықова Тобыл қаласының Н. Наушабаев атындағы жалпы білім беру мектебінде аталмыш орта кәсіптік білім ордасына оқуға түсу бойынша 9 және 11 сынып оқушылары арасында үгіт насихат жүргізді. Жағдайды пайдалана отырып А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті және Қостанай ауылшаруашылық колледжі арасында меморандумға қол қойылғаны тілге тиек етілді. Осы меморандум шеңберінде колледждің «Ветеринария» және «Агрономия» мамандықтарын тәмамдаған түлектер А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне ҰБТ және АКТ тапсырмастан университеттің ішкі сынауын тапсырып 25 балл жинаса грантқа қол жеткізіп тегін оқуға мүмкіндік алатындары туралы жеткізілді.