18.02. 2022 жылы оқытушы Ж.Б. Қуандықов мемлекеттік тілде білім алатын 2В-3 тобында “Жануарларға алғашқы көмек көрсету” КМ 09 бойынша ашық зертханалық-практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер хирургиялық тігістерді салу техникасын көрсету кезінде кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді, ал білім алушылар тігу техникасын меңгеру деңгейін көрсетті.
Күннің екінші жартысында КМ 13 “Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларын диагностикалау” бойынша В-41 тобында ашық сабақты оқытушы Ыбырай М.Ы өткізді. Топ 4 кіші топқа бөлінді, сабақ жарыс түрінде өтті. Сабақ барысында келесі әдістемелік тәсілдер қолданылды: сәйкестікті тап, 4 сурет – 4 ауру, ситуациялық есеп, “Венн”диаграммасы. Сабақ өте қызықты өтті, балалар өте белсенді болды. Сабақ өз мақсатына жетті.

РУС