16.02.2022 жылы оқытушы С.Т. Алшинбаева мемлекеттік тілде оқитын В-42 тобында ашық сабақ өткізді. Сабақ КМ 12 “Жануарлардың инвазиялық ауруларының диагностикасы” модулі бойынша өтті.

Тақырыбы: “Жануарлардың гельминтоздары”. Сабақтың түрі зертханалық-практикалы. Студенттер Фюллеборн әдісін қолданып мал нәжісін тұздың концентрациялық ерітіндісіне тұндырып, гельминтоовоскопия көмегімен микроскоп астында қоздырғыштардың жұмыртқаларын іздеп қарады. Нәтижесінде гельминт жұмыртқалары табылмады. Сабақ нәтижелі болып, өз мақсатына жетті.