Үстіміздегі жылдың 11 ақпанында ауылшаруашылық мамандықтары бөлімінің қызметкерлері Б. Балабаев пен М. Ыбрай Надеждин жалпы білім беру мектебінің түлектері арасында оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Колледж дайындық жүргізетін әр мамандық бойынша толық ақпарат берілді. Аталмыш іс-шараға 9 және 11 сыныптарының 15 жуық түлегі қатысты. Мектеп әкімшілігіне шараны өткізуге атсалысқандары үшін ризашылығымызды білдіреміз.