Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы кәсіптік бағдар беруді жетілдіруде колледж қызметінің басым бағыттарын айқындайды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын күшейту мақсатында колледжде мектеп оқушыларына Мамандық таңдау кезінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін анықтау мен дамытуда, сондай-ақ нарық жағдайында еңбекке қажеттілігі мен дайындығын қалыптастыруда жеке-бағдарлы көмек көрсету үшін жұмысшы және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша талапкерлерді қабылдау моделі құрылды. Бүгін, 9 ақпанда жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Ш.С. Уразова “Мичурин жалпы білім беру мектебі”КММ-нің 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кәсіби бағдар бойынша жұмыс-бұл педагогикалық ұжымның қызметіндегі саналы қажеттілік.


РУС