Мақсаты ‒ жастардың бойында базалық білімді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа жол бермеудің азаматтық ұстанымын қалыптастыру болып табылатын іс-шараны Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі 18 қаңтарда өткізді.

Іс-шараға колледж студенттері қатысты, олар ұсынылған Ережеге сәйкес “сыбайлас жемқорлық туралы”тақырыбында бейне роликтер жасады. Студенттер қажетті әдебиеттерді оқып, сыбайлас жемқорлықтың себептерін әлеуметтік-адамгершілік құбылыс ретінде көрсетті. 2 м-1 тобының студенті Гурский Виталийдің, 2 М-1 тобының студенті Қожахмет Мадиярдың жұмыстарын атап өткім келеді