Әлемде бірде-бір адам біздің планетамыздағы экстремизм мен терроризм көріністерінің бұрын-соңды болмаған фактілеріне бей-жай қарамайды. Бүкіл әлем өзінің наразылығын білдіреді, зұлымдықты айыптайды. Терроризмнің алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауда бүкіл әлемдік қоғамдастықты шоғырландыру қажеттілікке айналуда.
Халық арасында, соның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттіміз.
Еліміздің діни жағдайын айтқан кезде жастар туралы айтпай кету мүмкін емес. Қазіргі уақытта жастарымыздың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Кез келген діни ғимаратқа кіре қалсақ, ондағы жастардың көп екенін көруге болады. Бұл дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетіп тұр.
1 ақпанда коллледждің инстаграм пақшасы арқылы Қостанай аудандық Мандай батыр мешітінің наиб имамы Мұрзақанов Азамат Серікбайұлымен тікелей эфир өткізілді.

РУС