Кураторлардың ӘЦК апталығы аясындағы сынып сағаттар өткізілді

«Қостанай ауылшаруашылық колледжі» КМҚК кураторлар ӘЦК апталығының жұмыс жоспары аясында 8.12.2021 ж.1С-3 тобында “Қазақстан – менің Отаным”тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Куратор Дукетбаев Ж. Б.

Сынып сағаты барысында студенттер ойындар мен викториналардың сұрақтарына белсенді жауап беріп, көлемді ақпарат алды.

2021 жылғы 09 Желтоқсанда 1л-2 тобында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “жасампаздық пен дамудың 30 жылдығы”тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты барысында студенттер Тәуелсіздік, Қазақстанның қалыптасу жылдары және елдің дамуындағы жетістіктері туралы пікір алмасты.