Облыстың белгілі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшыларының қатысуымен “Ашық есік күні” Бос орындар жәрмеңкесін “Ауыл”ХДПП облыстық Саяси кеңесі ұйымдастырды. Сапар бағыты – Қостанай ауданы, Тобыл қаласы. Бос орындар жәрмеңкесіне Қостанай ауылшаруашылық колледжінің бітіруші курс студенттері қатысты. Оларды “Ветеринария және Агрономия”мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру қызықтырды. Іс-шараның қонақтары: “Батыр Моздок” ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың Ауыл партиясынан депутаты Бақытжан Батырбеков және “Канон” шаруа қожалығының басшысы, Қамысты аудандық мәслихатының депутаты Владимир Шестериков. Іс-шара барысында жұмыс берушілер қатысушыларды жұмыс шарттарымен, талаптармен, жеңілдіктермен, мансаптық өсу перспективаларымен таныстырды. Кері байланыс барысында студенттер жұмысқа орналасуға қатысты ақпарат алмасып, қызығушылық танытты. Кездесуді қорытындылай келе, партияның өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Владимир Дранчук ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жоғары кәсіби мамандарды даярлаудың өзектілігін және олардың еңбек нарығында қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, “Ауыл” партиясы “Дипломмен ауылға”мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіптік тәжірибе, жұмысқа орналасу және оқу орындарының түлектерін одан әрі бекіту мәселелерін күн тәртібінен түсірмейді.
“Ашық есік күні”
