8 қазанда колледж студенттерімен, ата – аналарымен және оқытушыларымен “егер қиын болса-жай қоңырау шал”акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты 1-4 курс студенттері мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ психологиялық сауаттылықты арттыру болды. Бұл акция аралас форматта өткізілді.