2021 жылдың 6 қазанында Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері Қостанай облысының “ADAL Fest” “Адал Ұрпақ” және “Саналы Ұрпақ”ерікті клубтарының слетіне қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу шараларымен таныстыру, азаматтық ұстанымды, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білу болып табылады.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі өскелең ұрпақпен, атап айтқанда, студенттік аудиториямен жұмыс істеу болып табылады. “Адал ұрпақ” республикалық ерікті клубтары аясында түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізу арқылы студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсенді тарту біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлықты азайтуға серпін беретіні сөзсіз.
“Адал Ұрпақ” және “Саналы Ұрпақ” ерікті клубтары слетінің барлық қатысушылары қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігіне қоғамның барлық демократиялық институттарының бірлескен, жүйелі қызметі арқылы қол жеткізуге болатынына назар аударды.