2021 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері “қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында онлайн мастер-класс пен пікірталас алаңына қатысты .
Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты насихаттау және қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу шараларымен таныстыру, азаматтық ұстанымды, құқықтық сананы қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы алынған ақпаратты дұрыс қабылдай білу болып табылады.
Онлайн шеберлік сабағының барлық қатысушылары қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігіне қоғамның барлық демократиялық институттарының бірлескен, жүйелі қызметі арқылы қол жеткізуге болатынына назар аударды.
Мастер-класс қатысушылары нағыз “жанды әңгіме” болып шыққанын атап өтті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы талқылауға белсенді қатысқан қатысушылардың шынайы қызығушылығын тудырды, жастар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.