Біздің колледждің 1 курс оқушыларын кітапхана ережелерімен және қорларымен таныстыру, “Арнау” әдеби қонақ бөлмесіне шақыру, кітапханаға назар аудару және оқуға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында 1 курс студенттері үшін кітапханалық сабақтар өткізілді.

Кітапхана меңгерушісі колледждің 1 курс студенттерін кітапхана ережелерімен таныстырды, кітапхананың оқу, оқу-әдістемелік, көркемдік қорларымен таныстырды. Оқу залында ұсынылған көрмелер бойынша экскурсия өткізді. Оқушылар назарына “кітапханалар мен кітаптар туралы қызықты деректер”презентациясы ұсынылды. Студенттерді осы тақырыпқа қызықтыру үшін балаларға келесі сұрақтар қойылды: ең көне кітапхана қайда? Қай кітап ең әдемі? Ең ұзын кітап қанша метр? Қай елде кітаптарды тіркеусіз алуға болады? және т. б.