11 қыркүйекте 1п-4 тобының студенттері Тобыл қаласы “Маңдай батыр” мешітінің наиб имамы Азамат Мырзақановпен кездесті.

Дін әрқашан дәстүрді құрметтеу болып табылады, сондықтан дінге қатысты отбасында алдыңғы дін мен мәдениеттің жаңғырығы байқалады.  Кездесу барысында отбасылық құндылықтар, дін мен отбасының байланысы, отбасындағы қарым-қатынас тақырыптары қозғалды.

Студенттер өз отбасыларының салт-дәстүрлерімен бөлісті, діннің қоғамға қалай әсер ететінін айтты.