Қостанай ауылшаруашылық колледжінде студенттік Парламенттің Президенті сайланды. Колледж Президенті Харина Дарья Николаевна болды.  Дарья сүт өнімдерін өндіру мамандығы бойынша 2 курста оқиды.

Дарья Президенттік көпсайыспен (Полиатлон) айналысады, сондай-ақ Президенттік көпсайыстан Қостанай облысының құрама командасының құрамына кіреді. 2001 жылғы жасөспірімдер мен жастар арасындағы оқ атудан Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионатында Диплом, Қысқы Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы Кубогының дипломы, жазғы 4х – борьдан ҚР “Динамо” ФСО ҚБ МОФ ашық чемпионатында 3 орын үшін грамота. Қазақстан Республикасының 9 қысқы спартакиадасында 3 орын үшін Диплом. Кростық Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы кубогында 1 орын үшін Диплом, сондай-ақ қысқы көпсайыстан спорт шебері болып табыламын.

Дарья 1 курс бойы колледждің қоғамдық өмірімен белсенді айналысты.

Колледж ұжымы мен студенттері жеңіспен құттықтайды!

Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Барлық бастамаларыңызға сәттілік!