Қостанай ауылшаруашылық  колледжінде адалдық сағаты өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатының» кейіпкері ақын Мақпал Тәжмағамбетова болды.

 

Нәзік жырларымен өлең сүйер оқырмандарын сусындатып жүрген ол Алматы облысында дүниеге келген.

 

Ел аузында Мақпал Мыса деген атпен танымал ақын талай жыр додаларының жүлдегері, атап өтсек, «Алтын тобылғы» байқауының бас жүлдегері, Қазақстан жазушылары және журналистері одағының мүшесі, «Қазақстанның жүз жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.