Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде “Текстильщик” МҮ базасында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында “Студенттік көктем 2021” фестивалінің салтанатты жабылуы өтті. Бір айдан астам уақыт бойы, 15 наурыздан 21 сәуірге дейін өңірдің шығармашыл жастары түрлі онлайн-алаңдарда өнер көрсетіп, өздерінің таланттары мен шеберліктерін әр түрлі бағыттарда көрсетті. Фестивальдегі ең бастысы-оның қатысушылары. Бүгінде біздің талантты, шығармашыл, Көңілді студенттеріміз осы байқауды одан әрі дамытуға дайын.

 

“Студенттік көктем 2021” іс-шарасы жастардың мүмкіндіктері мен таланттарын көрсету ғана емес, сонымен қатар барлық жастарды шығармашылық ынтымақтастық пен жасампаздыққа, өзінің кәсіби қызметінде нәтижелерге қол жеткізуге шақыру нысаны.

 

Фестиваль конкурстық іс-шаралар сериясын ұсынды:

– “Менің колледжім” питч-презентациялар конкурсы»;

– “Тыңда, дала, Жамбылды / Ыбырайды” поэтикалық байқауы»;

-Студенттік “Чир-данс шоу лигасы”.

 

“ТЫҢДА, ДАЛА,ЖАМБЫЛДЫ / ЫБЫРАЙДЫ” номинациясында Қостанай ауылшаруашылық колледжі 2 орынға ие болды!

 

Іс-шараға облыстың 26 колледжі қатысты.