1 наурыздан бастап Қостанай ауылшаруашылық колледжінде кәсіптік бағдар беру онкүндігі басталды.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу, оқушыларды колледж мамандықтарымен, оқуға түсудің негізгі шарттарымен таныстыру мақсатында бірқатар іс-шаралар, ашық есік күндері, акциялар, флеш-мобтар, конкурстар өткізілді.