Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің “Мәңгілік мұра-Мұқағали Мақатаев” атты кезекті “парасаттылық сағаты”жарияланды.

Онлайн сабақтың негізіне әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметке негізделген ұлы ақынның шығармалары алынды.

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931-1976) толды.

Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен денесі халықтың қайнар көзін сіңірген Талант өз халқының ең сүйікті ақыны болды.

Ақынның өзі айтқандай, “Поэзия махаббаттан басталып, парасаттылықпен аяқталуы керек”, осылайша ол адамдарды адал, мейірімді болуға, жас ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, туған жері мен ана тілін құрметтеуге, үлкендерді құрметтеуге және бейбіт уақыттың әр сәтін бағалауға шақырды.

Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты.