Бүгін “АнтикорЛайв” жобасы аясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ирина Анатольевна Ким Transparency Kazakhstan агенттігі жақында таныстырған, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылған “2020 жылға Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне Мониторинг” зерттеу нәтижелері туралы айтып берді.

Транспаренси Қазақстан агенттігі орасан зор жұмыс атқарды. Бүгінде азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға дайындығының оң өзгерістеріне қарамастан, біз проблемалы учаскелерді жою жұмыстарын жалғастыруымыз керек.

Біздің облыста сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің оң динамикасы жылдан жылға жалғасады деп үміттенеміз. Біздің ойымызша, мұның бәрі мемлекеттік органдардың, қоғамшылдардың және осы әлеуметтік зұлымдықпен күресуге деген ниетіне байланысты.