Қостанай ауылшаруашылық колледжінің 1 М-1 тобының студенті Гурский Виталий Қостанай облысы бойынша “Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)” РММ ұйымдастырған “Парасатты Қоғам” бейнероликтер байқауына қатысты. Іс-шара Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылды. Байқаудың негізгі мақсаты студенттердің патриоттық және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру болды. Гурский Виталий “сыбайлас жемқорлық өмір сүретін әлем”тақырыбында бейне ролик дайындады. 9 желтоқсанда жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Қостанай ауылшаруашылық колледжі 1 орынға ие болды, грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды.