19 ақпанда Азамат Серікбайұлы Мұрзақанов, Тобыл қ. «Маңдай батыр» мешітінің наиб-имамы, Лисаков қ. имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы Есмурзин тәрбие жұмысын жүргізді, сондай — ақ терроризм мен экстремизмнің қауіп-қатерінен қауіпсіздік деңгейін арттыру туралы айтты, жасөспірімдерді Интернет желісінде террористік және экстремистік ақпараттың таралуы туралы ескертті.Кездесу барысында жастар арасында осындай алдын алу жұмыстарын жүргізу өте маңызды екенін, себебі жастар әртүрлі факторлардың бірқатарына байланысты әртүрлі әлеуметтік және қылмыстық топтардың теріс ықпалына бейімділік тұрғысынан неғұрлым осал топтарының бірі болып табылатындығын айтты.

Іс-шараның соңында “Терроризм және оның құрбандары”атты бейнефильм көрсетілді.

 

 

Ақпаратты дайындаған

директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. А.Жабакова