03 ақпан күні колледждің акт залында студенттермен колледждің пән үйірмелерінің қолдан жасалымдары мен атрибуттарының көрмесі ұйымдастырылды.
Колледждің үйірме жұмысының міндеттері:
– ой өрісін кеңейту, қойылған міндеттерді шешу дағдылары мен біліктерін бекіту;
– білім алушылардың тұлғалық-адамгершілік дамуы және кәсіптік дамуы;
– студенттерді азаматтыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, Отанға, табиғатқа, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
– білім алушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін барынша толық қанағаттандыру, олардың денсаулығын нығайту үшін жағдай жасау.
Колледж қонақтары біздің студенттердің жұмысымен танысты. “Дәнекерлеу ісі”, “Тамақтандыруды ұйымдастыру”, “Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафтты құрылысы”, “Агрономия”, “Ветеринария”мамандықтары бойынша үйірмелер жұмыстары ұсынылды. Комиссия мүшелері тортты ресімдеуге қатысты, орманшылар ұсынған ландшафтық дизайнмен танысты, агрономдармен бірге дәнді дақылдардың сынамаларын алды.
Информацию подготовила
заместитель директора по ВР Жабакова А.А.