Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және қоғамда табысты әлеуметтендіруге, өзін танытуға, креативті ойлауға қабілетті қазіргі заманғы, зияткерлік, мақсатты, қабілетті тәрбиелеу мақсатында Қостанай ауылшаруашылық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс істейді.

Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында 03 ақпан айында колледжде «Жастар ісі жөніндегі комитет – болашақтың табысты дамуының кепілі» атты мастер – класс өткізілді.

Колледждің Жастар ісі жөніндегі комитеті «Қостанай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ,      Қостанай ауданының жастар ресурстық орталығымен, «Жастар бастамаларының орталығы»  «Жас Отан» жастар қанатымен белсенді қызмет атқарады.

Колледжде әр түрлі қызмет салаларында студенттердің өзін-өзі жүзеге асыруына барлық жағдай жасалған. Колледжде қызығушылық бойынша пәндік үйірмелер, шығармашылық бағыттағы үйірмелер, спорттық секциялар: «Бұлбұл» вокалдық үйірмесі, «Шабыт» би студиясы, «Сезім» еріктілер қозғалысы, «Барлаушы» әскери-патриоттық клубы және т.б. жұмыс істейді.

Колледж студенттерінің өнерлері біздің колледжге келген қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды.

Іс-шараның студенттері мен ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

 

Ақпаратты дайындаған директордың

ТЖ жөніндегі орынбасары                   А. А. Жабакова