Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртуға ықпал ету және техникалық және қызмет көрсету еңбегінің бәсекеге қабілетті кадрларын даярлау сапасын арттыру мақсатында, колледжде жыл сайын қаңтар айында Педагогикалық оқулар өткізіледі.
2020 жылдың қаңтар айында келесі іс-шаралар өтті:
- «Студенттік бағдарлы оқыту қағидаттар,технологиялар және жағдайлар» атты ғылыми-әдестемелік семинар.Ким .И.А. педагогика ғылымдарының докторы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры.
- «Стратегиялық сабақты жоспарлау» семинары, Султанова А.К. директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
- Семинар, «Мұғалімнің жұмысындағы педагогикалық этика. Оқу процесі субъектілерінің өзара әрекеті». Полуносик И.Г. Оқытушы- колледж психологы.
- Семинар. «Заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу-маманның құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі»;
А) Оқу –тәрбие үрдісінде GR- кодтарын қолдану, МКК төрайымы Уразова Ш.С
Б) «Бағдарламаның көмегімен мультимедиялық электрондық білім беру ресурстарын жобалау «Ispring suite». Математика пәнінін оқытушысы Бондар Г.М.
- Коучинг:
А) «Мемлекеттік жастар тәжірибесін енгізу»:
Б) «Еріктілердің қозғалысы». Қостанай ауданы ӘБК әкімдігінің басшысы Жакенова Б. Г.
Қаңтар педагогикалық оқуларының бағдарламасы мазмұнды және пайдалы болды. Педагогтар жаңа ақпаратпен қуатталды және болашақта алған білімдерін өзінің кәсіби қызметінде қолданатын болады.