2020 жылдың 14 қаңтарында “Қостанай ауылшаруашылық колледжі” КМҚК   колледж студенттерімен 53 адам, Қостанай ауданының ӨБ МЮП инспекторы, полицияның аға лейтенанты А. К. Кәкімжановтың қатысуымен алдын алу әңгіме өткізілді. Кездесу барысында жалған хабарлау түріндегі жалған терроризм туралы және ұлтаралық жанжалдарды қоздыруға жол бермеу туралы, сондай-ақ жарияланған және басқа да заңсыз наразылық акцияларын өткізу орындарында жаппай жиналыстарға жол бермеу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы тақырыптар қозғалды.

“Жалған сөз – бұл әзіл емес” деген сөздермен әңгіме басталды. Әңгіме барысында инспектор жасөспірім мен оның ата-аналары үшін зұлым қалжың не болуы мүмкін және олардың салдары туралы мысалдар келтірді. Іс-шараның мақсаты болып табылады: Студенттер арасында экстремизмнің алдын алу және ескерту; Білім алушыларды әлеуметтік қорғау, оларды дамыту, патриоттық рухта тәрбиелеу; Мекемеде, қоршаған әлеуметтік ортада білім алушылардың психологиялық жайлылығы мен жеке басының қауіпсіздігі жағдайын жасауға ықпал ету; Бейәлеуметтік мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, өмір мен денсаулықты қорғау ü Кездесу жақсы жағдайда өтті, студенттер белсенді және қызығушылық танытты, әңгімелесу барысында туындаған сұрақтарға толық жауап алды. Іс-шара мақсатына жетті.

 

Ақпаратты дайындаған әлеуметтік педагог Б. Т. Бухарбаева