28.11.2019 жылы Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде «Мен және заң» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Дөңгелек үстелге Қостанай аудандық сотының судьялары А. М. Жәнібекова және Н. В. Дунаева, 1Ш-1 тобының студенттері және «Ерекше бақылау тобының» студенттері, сондай-ақ «Мен және заң» тақырыбында плакаттар байқауының әр тобының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің құқықтық мәдениетін ҚР «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі», «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» заңдарымен таныстыру арқылы қалыптастыру.
«Қостанай ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК-да құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәрбие жұмысы, «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі», «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасау кезіндегі кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыптары қамтылды. Дөңгелек үстел барысында «Мен және заң» плакаттар байқауының қорытындысы шығарылып, грамоталар табыс етілді.
Іс-шара мақсатына жетті. Әңгіме жылы достық жағдайда өтті. Студенттер «дөңгелек үстел» қонақтарын қызығушылықпен тыңдады. Қонақтарға пайдалы және қажетті ақпарат үшін алғыс білдірді
Ақпаратты дайындаған әлеуметтік педагог Б. Т. Бухарбаева