Құзыретті маманның қалыптасуында шығармашылық әлеуеттің дамуы маңызды орын алады. Бұған көбінесе пәндер бойынша сабақтан тыс жұмыстар ықпал етеді. Колледжде білім алушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастырудың ең көпшілік формаларының бірі пәндік апталықтар мен декадалар болып табылады, олар студенттерге түрлі пәндер бойынша білім мен іскерлікті практикада қолдануға, тіршілік әрекетінің басқа салаларында өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді; танымдық, практикалық іс-әрекетті белсендіруге, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді.
2019 жылдың 09-14 желтоқсан аралығында колледжде жалпы білім беретін пәндер апталығы өткізілді. Апта жоспары ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізуді қарастырады. Апталықты өткізу мақсаты: білім алушылардың білім қорын кеңейту және тереңдету және олардың жалпы білім беретін пәндер бойынша құзыреттілігін қалыптастыру, студенттердің танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; оқытушылардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу. Апта бойы “пятерок апталығы” акциясын өткізумен басталды. Акцияға колледждің 120-дан астам білім алушысы қатысты.
Пән бойынша сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, студенттер өздерінің «жеңіл» бестігін алу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы білім беретін пәндер апталығында оқытушылармен Жумагулова А.А.., Байышова А.Н., Уразова Ш.С.., Бондарь Г.М., Зайцева Е.Е., Гофман Л.Ю., Жабакова А.А. 7 ашық сабақ өткізілді. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде өтті.
Апта сыныптан тыс іс-шараларға бай болды. Барлық іс-шаралар пәндер бойынша білімдерін тереңдетуге, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеуге, студенттердің танымдық қызығушылығын дамытуға және ой-өрісінің кеңеюіне, Қазақстанның тарихи өткені мен бүгінгі тарихына құрметпен қарауға, салауатты өмір салтын насихаттауға, студенттерді спорттық-бұқаралық іс-шараларға тартуға ықпал етті.
ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында 4 сыныптан тыс іс-шара адамгершілік-эстетикалық және патриоттық бағытта өткізілді. Олардың арасында дөңгелек үстел, сынып сағаты, мәнерлеп оқу сайысы. Қорытынды іс-шара Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік концерт болды, ол ешкімді бей-жай қалдырмады.
Жалпы білім беретін пәндердің ӘЦК төрағасы Уразова Ш. С.