12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты патриоттық сезімді, ел үшін мақтаныш сезімін, белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.
Колледж директоры Серікбай Қамзұлы Қадыров Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің негізгі бағыттары, даму және қалыптасу мәселелері туралы өз баяндамасында баяндады. “Нұр Отан” партиясы Қостанай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Шамильұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, колледж қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Концерттік бағдарлама барысында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің негізгі кезеңдері көрсетілді,Отан, Тәуелсіздік туралы өлеңдер, әндер айтылды.
Мерекеге байланысты колледждің үздік қызметкерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Ақпаратты дайындаған
директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Жабакова А. А.