Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде 7 желтоқсанда оқытушылар колледжде дайындық жүргізіліп жатқан мамандықтармен танысу үшін мектеп түлектерімен кездесу өткізді.
Мичурин ОМ, Заречный мектеп-лицейі, Затобол кентінің мектеп – гимназиясының 9 сынып оқушылары «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану», «Агрономия», «Ветеринария» мамандықтары бойынша сынамаларға қатысты.
Балалар колледждің кабинеттері мен зертханаларына барып, колледжге түсу ережелерімен танысты.
Ақпаратты дайындаған қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А. А. Жабакова