Бүгін Қостанай ауданы «Алтын дән» МҮ «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты ауылшаруашылық мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
9:00-ден бастап 1 қабаттың фойесінде ауыл шаруашылығы техникасын сататын кәсіпорындардың көрмесі орнатылды. Сағат 11.00-де мерекелік концертті “Алтын қолды диқандар” прологымен ашылып, Қостанай ауданы әкімі Радченко Виктор Николаевич құттықтау сөзін айтты.
Іс-шара барысында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді, ал Қостанай ауданының ауыл шаруашылығының үздік қызметкерлеріне Қостанай облысы әкімінің, Қостанай ауданы әкімінің Грамоталары, Қостанай ауданы әкімінің және аудандық мәслихаттың алғыс хаттары табыс етілді. Мерекелік концерттің тақырыптық бағдарламасы жарқын, мазмұнды, әр түрлі жанрлы нөмірлерді қамтыды. Мерекелік іс-шараны «Алтын дән» АМҮ шығармашылық ұжымының орындауында Қостанай ауданының Әнұранымен аяқтады.