«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 8 қарашада колледж студенттері үшін «Берекелі жастар» атты трениг – семинар өтті. Жастар арасында ақшаны, жеке ауқытын, денсаулық пен басқа материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру, қаржылық және құқықтық сауаттылықты дамыту, өзіне, қоршаған ортаға және жұмысқа жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Тренинг барысында студенттермен практикалық тапсырмалар өткізілді. Қатысқан студентер мен мұғалімдер аталған іс-шарадан пайдалы тұжырымдамалар мен кеңестер алды.

 

 

Ақпаратты директорадың ТЖ орынбасары Жабакова А.А. дайындады.