2019 жылы 26 қазанда Қостанай облысы психологтарының қауымдастығымен ұйымдастырылған, «Болашақты бүгін таңда» акциясы аясында Затобол к. № 1 және № 2 ОМ оқушыларымен кездесу өткізілді. Оқушылардың мамандық таңдауына психологиялық дайындығын қалыптастыруға бағытталған акцияға Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Колледж студенттері «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану», «Сүт өнімдерін өндіру», «Ветеринария», «Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы», «Агрономия» мамандықтары туралы әңгімеледі. Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері колледждің қызметі, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері, оқуға түсу шарттары туралы жалпы ақпарат берді.
Барлық оқушылар жарнамалық буклеттер алды, мамандықтар бойынша мастер – класстар өткізді.
Ақпаратты дайындаған
директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Жабакова А. А.