Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша Қостанай облысының мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары үшін «Қонақ кездесулері» өткізуді жалғастыруда.
2019 жылдың 31 қазанында Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенттері бизнес өкілдерімен кездесті. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Қостанай ауданындағы филиалының директоры Н.Ф.Ткаченко «Достоярова К. Е.» ЖК басшысы Достоярова Карлыгаш Ескермесовна таныстырды.
Карлыгаш Ескермесовнаның бизнесі қонақ үйлер мен мейрамханалар қызметтерін көрсетуге негізделген, «Paradise» сауда-ойын-сауық орталығының директоры болып табылады.
Колледж студенттері Карлыгаш Ескермесовнаның бизнесті құру тарихымен және мақсаттарды жүзеге асырудың жолдарын тыңдады. Әңгіме барысында қызықты сұрақтар бойынша жауаптар алынды.
Ақпаратты дайындаған
директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Жабакова А. А.