2019 жылдың 18 қазанында салауатты өмір салтына оң көзқарасты қалыптастыруда, балалардың АИТВ-инфекциясы мен ЖҚТБ проблемасына қарым-қатынасын өзгерту үшін жағдай жасауға,   оқушылардың АИТВ-инфекциясы мен ЖҚТБ проблемасы туралы ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында колледж студенттерімен  «АИТВ және ЖҚТБ алдын алу. Репродуктивті денсаулықты қорғау» атты тақырыбына дәріс өткізілген болатын. Облыстық ЖҚТБ орталығының бас дәрігерінің орынбасары А. И. Жаманова, «Денсаулық жолы» ҚБ атқарушы директоры Л. А. Томиловская, Қостанай облысының «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі А. М. Дикетаев студенттерге жастар арасындағы қазіргі проблемалар туралы айтып, Қостанай облысында аурулардың статистикасын айтты.

Студенттер белсенді сұрақтар қойып, қонақтармен диалог жүргізді.

 

Ақпаратты дайындаған

директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. А.Жабакова